«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Полипропиленнің өтпелі маркалары дегеніміз не

9 Желтоқсан
2024
Переходные марки полипропилена. Что это такое
Өтпелі және іске қосу маркалары – бұл бір полимер маркасын өндіруден екіншісіне көшу кезінде немесе реакторды іске қосу мен баптау үдерістерінде пайда болатын полипропилен түрлері.



Өндіріс кезінде алдыңғы марка қалдықтары мен жаңа марка араласып, материалдың сапалық қасиетіне әсер етеді. Бұл беріктік, жылуға төзімділік, ағуы және химиялық төзімділігі сияқты сипаттамаларда өзгерістер тудырады. Сондықтан өтпелі маркалар негізгі (мақсатты) маркаларға қарағанда тұрақсыз әрі сапасыз болып келеді. Мемлекеттік және техникалық қызметтердің стандартына сәйкес келетін маркалармен салыстырғанда, өтпелі және іске қосу маркалары арзанырақ бағамен сатылады.



Кей өндірушілердің өтпелі маркаларға қызығушылық тудыруы да сондықтан. Көптеген компания мұндай маркаларды дайын өнімге қойылатын талаптар мүмкіндік берсе, негізгі шикізатқа қосымша ретінде немесе өндірістік шығындарды азайту мақсатында таза күйінде қолданады.



KPI кәсіпорны өндіретін өтпелі маркалар



«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылы Атырау облысында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) интеграцияланған газ-химия кешенін іске қосты. Полипропилен өндірісі шикізаттан дайын өнімге дейінгі толық циклді қамтиды және заманауи технологиялар мен озық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кешенде әлі де іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жаңа маркаларды сынап, қондырғыларды тұрақты жұмыс режиміне шығару үшін маңызды кезең саналады. Кез келген күрделі мұнай-газ-химия өндірісінің алғашқы іске қосылуынан финалдық қабылдау сәтіне дейінгі кезең 3 жылға дейін созылуы мүмкін. Дәл осы технологиялық жабдықтарды орнату кезеңінде өтпелі полипропилен маркалары пайда болады.



2024 жылдың қазанында KPI кешенінің кепілдік сынақтары аяқталды. Енді 2025 жылы зауыт жобалық қуатына – жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге шығады деп жоспарланған. Осыған байланысты өтпелі маркалар өндірісі азайып, мақсатты маркалар өндірісі артады. Бұл өнім Еуропаның премиум нарықтарына экспортқа шығарылады.



Қытай неге өтпелі маркаларды қолданады?



Қазақстандық полипропилен өндірушілері өтпелі маркаларды тұрақсыз қасиеттері мен техникалық шектеулері үшін сирек қолданады. Мұндай маркалар өнім сапасы мен тұрақтылығын сақтауды қиындатып, қосымша шығынды талап етеді. Әсіресе медициналық бұйымдар немесе автомобиль бөлшектері сияқты маңызды өнімдерде материал қасиеттерінің сенімділігі басты рөл атқарады, бұл өтпелі маркаларды пайдалануды шектейді.



Қытайда сапа мен біртектілігіне қатаң талап қопайдалануға арналған ыдыс, бақша құралдары және т.б. Мұндай өнімдер жоғары беріктікті немесе ұзақ қызмет мерзімін талап етпейді, сондықтан арзан әрі біркелкі емес полипропилен маркаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өтпелі маркалар құрамындағы қоспалар мен аздаған ауытқулар мұндай қарапайым бұйымдарды жасауға өте қолайлы.



Қытай нарығы KPI кәсіпорны үшін премиум санатқа жатпайды, сондықтан бұл елге негізінен өтпелі маркалар жеткізіледі. KPI Зауытының басты мақсаты — мұндай маркалардың өндірісін азайтып, премиум нарықтарына өнім жеткізуді ұлғайту. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаты – өтпелі маркалардың өндірісін жалпы көлемін 5–8%-ға дейін қысқарту.



Мұнай мен газ-химия өнімдерінің нарық айырмашылығы



Мұнай мен газ-химия өнімдерінің нарықтарында өткізу тәсілдері әртүрлі. «ҚазМұнайГаз» экспортқа шикі мұнайды сатады, бұл көбінесе ірі трейдерлерге немесе өңдеу зауыттарына үлкен көлемде жеткізуді қамтиды. Бұл нарық логистика мен шарттарды сақтауды талап етіп, салыстырмалы түрде қарапайым сипатқа ие.



Газ-химия өнімдерінің нарығы анағұрлым күрделі. KPI зауытының полипропиленін тұтынушылары ай сайын ондаған тонна көлемінде өнім алатын қайта өңдеуші кәсіпорындар. Бұл үшін клиенттердің қажеттіліктерін өтеуге және тұрақты жеткізілімді қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік желі қажет.



KPI кәсіпорны СИБУР компаниясының халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, полипропиленді, соның ішінде премиум маркаларды сатуда табысты жұмыс атқарып отыр. Бұл серіктестік тек өнім өткізуді ғана емес, халықаралық нарықтағы позицияны нығайтып, кәсіпорынның тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.



KPI маркалары және ішкі нарықтағы баға



KPI кешені технологиялық тұрғыдан полипропилен түйіршігінің түрлі маркасын шығара алады. Бүгінде компания полипропиленнің мақсатты 9 маркасын өндіріп отыр. Оның бесеуі бұрын-соңды Қазақстанда шығарылмаған. Өнім сапасын әлемге танымал SGS компаниясы растайды.



Қазақстанда полипропилен бағасы көрші елдермен салыстырғанда төмен бағамен сатылып отыр. KPI зауыты іске қосылғаннан бері (2022 жыл) өнімнің бағасы 700 мың теңгеден 515 мың теңгеге дейін төмендеді (ҚҚС қосылған). KPI зауыты Қазақстанда импортты алмастыру бағдарламасын енгізіп, елдің ішкі нарығындағы полипропилен импортын 2022 жылғы 63%-дан 2024 жылы 17%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.



Бұған қоса, қазақстандық полипропиленді қайта өңдеушілерді жан-жақты қолдау мақсатында кәсіпорын «Форсаж» атты ұзақ мерзімді бағдарламалар кешенін іске қосты. Бұл бағдарлама шеңберінде полипропиленге жеке есептелген коммерциялық шарттар ұсынылып, отандық компаниялардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі артып, ішкі нарықты қазақстандық өндіріс өнімдерімен толықтыруға ықпал етті.



Аталған шаралардың арқасында KPI зауыты ішкі нарықтағы клиенттік базасын айтарлықтай кеңейтті. Егер 2022 жылы Атырауда өндірлетін полипропиленді 15 компания пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 58-ге жетті. Ал биыл қарашада белсенді тұтынушылар саны 80-нен асты. Олардың шамамен 70-і (айына бірнеше тонна тұтынатындар қатарында) тұрақты түрде KPI-ден гомополимер сатып алады. Жеткізілімдер 40-қа жуық компанияға тұрақты түрде жүзеге асырылады, ал қалғандары өз қажеттіліктеріне байланысты полипропиленді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет алып отырады.



KPI кәсіпорнының ел нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 50%-дан асып, ішкі нарықты айтарлықтай қанағаттандырып отыр.