«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Депутат Еділ Жаңбыршин KPI қызметімен танысты

1 Қазан
2025
Депутат Едил Жанбыршин ознакомился с деятельностью KPI
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин жұмыс сапарымен келді.

Депутатты компанияның бас директоры Дамир Ашимов қабылдап, зауыттың қызметі мен негізгі технологиялық қондырғылары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Сондай-ақ өндіріс барысын таныстырып, қойылған барлық сұрақтарға толық түсініктеме берді. Кездесу барысында экология, орнықты даму және отандық мұнай-газ химиясын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Энергетика мен экология саласында мол тәжірибесі бар Еділ Жаңбыршин кәсіпорынның өндірістік үдерістеріне ерекше қызығушылық танытып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Еске сала кетейік, Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) – Қазақстандағы алғашқы газ-химия кешені. Зауыт заманауи халықаралық технологияларды қолдана отырып салынған және жылына 500 мың тонна дайын өнім өндіруге қуатты. Қазіргі таңда кәсіпорын экономикадағы түрлі салаларға қажетті 15 маркадағы полипропиленді шығарып, елдің газ-химия өнеркәсібін дамытуда маңызды үлес қосып отыр.