KPI компаниясы Энергетика министрлігінің қолдауымен және Petrocouncil кеңесінің ұйымдастыруымен Атырауда өткен «PetroMaintenance-2025» жыл сайынғы форумына қатысты.
Форумда негізгі қорларды басқару жөніндегі бас инженердің орынбасары Артемий Хиневич KPI заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі көзқарасын таныстырды. Атап айтқанда, өндірістік процестерді автоматтандыру, мониторинг жүйелері мен болжамды талдауды қолдану арқылы жабдықты пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігін арттыру жоспарлары атап өтілді.
KPI компаниясының PetroMaintenance-2025 форумына қатысуы компанияның инновацияларды енгізу және отандық мұнай-химия саласының технологиялық деңгейін арттыруға деген ұмтылысын көрсетті.