КРІ қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бірге тыңдады. Президент өз сөзінде елдің алдағы дамуындағы негізгі басымдықтарды айқындады. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, инфляцияны реттеу арқылы халықтың әл-ауқатын қорғау, азық-түлік импортының үлесін азайтып, отандық агроөнеркәсіп кешенін нығайту, сондай-ақ көлік және логистикалық әлеуетті арттыру және тағы басқа міндеттер қойылды. КРІ ұжымы Жолдауда белгіленген осы бағыттарды қолдай отырып, ел экономикасының тұрақты дамуына өз үлесін қоса беруге дайын екенін атап өтті.
Жолдаудан зауыт ұжымы жаңа міндеттерді өздеріне жүктеп, алдағы жоспарларын Президент тапсырмаларына сәйкес айқындамақ.