«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қазақстан мен Сауд Арабиясының өнеркәсіп саласы өкілдерінің кездесуі: ұзақ мерзімді әріптестікке қадам

4 Қыркүйек
2025
Встреча представителей промышленного сектора Казахстана и Саудовской Аравии: шаг к долгосрочному партнерству
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС мен «National Industrialization Company (Tasnee)» басшылығының кездесуі өтті.

«KPI Inc.» ЖШС Бас директоры Дамир Әшімовтің «Tasnee» компаниясының Бас атқарушы директоры Фауаз Әл-Фауазбен ресми келіссөздері барысында тараптар өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетудің нақты қадамдарын белгілеп, тәжірибе мен технология алмасу мәселелерін талқылады.

Іскерлік байланыстарды нығайтуға, заманауи шешімдерді енгізуге және ұзақ мерзімді әріптестік үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушылар қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі болатынына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға практикалық үлес қосатынына сенім білдірді.