«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI отандық өндіруші компаниялармен ынтымақтастықты күшейтуде

1 Қазан
2025
KPI усиливает сотрудничество с отечественными производителями
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де (KPI) болды. Ол өндірістік нысандарды аралап, кәсіпорын жұмысына қатысты жиын өткізді.

KPI биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 272 мың тонна полипропилен шығарды. Бұл 2024 жылы шамамен 249 мың тоннаны құраған көрсеткіштен асып түсті.

ҚМГ басшысына есепті кезеңде ішкі нарыққа KPI полипропиленін сату көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 90% артқаны туралы ақпарат берілді. Отандық қайта өңдеушілерге сатылған полипропилен көлемі 29 мың тоннаға жетіп, жоспарлы көрсеткіштерден артып отыр.

Өнімнің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ететін Алматы мен Астанада қосымша қоймалардың ашылуының арқасында отандық нарықта полипропиленнің импорттық үлесі азайып келеді. Бұл өз кезегінде полимерді терең өңдеу саласындағы шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады.

Кәсіпорын ішкі нарықтағы үлесін кеңейтуді жалғастыруда. 2022 жылы KPI 15 қазақстандық компаниямен ынтымақтастық орнатса, бүгінде олардың саны 135-тен асады.

Сонымен қатар KPI өнім түрлерін де көбейтті. Қазірдің өзінде игерілген 15 марканың 13-ін отандық өндірушілер түрлі өнім шығару үшін — қаптама мен тоқыма емес материалдардан бастап инженерлік бөлшектерге дейін белсене қолданады. Тағы екі марка омологация кезеңінен өтіп жатыр, яғни түпкілікті тұтынушылар оның сәйкестігін растауда.

Жыл басынан бері төрт жаңа марканы игеру — өнім портфелін кеңейту және зауыттың технологиялық мүмкіндіктерін барынша пайдалану жөніндегі жоспарлы стратегияның бір бөлігі.

А.Хасенов KPI басшылығына өндіріс сенімділігі мен операциялық тиімділікті арттыруға, ішкі нарықтағы коммерциялық позицияларды одан әрі нығайтуға және жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу үшін қызметкерлердің біліктілігін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.