Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы құзыреттерін дамыту мақсатында KPI компаниясының мамандары «Simatic S7-1500 контроллері негізіндегі жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету» тақырыбындағы оқу курсын бастады.
Оқыту СИБУР компаниясымен серіктестік аясында, сертификатталған тренер Виталий Винокуровтың жетекшілігімен өткізіліп жатыр.
Бағдарлама Siemens Simatic S7-1500 контроллерлері негізіндегі заманауи автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істеу, оларды конфигурациялау, диагностикалау және техникалық қызмет көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл оқыту KPI компаниясының өндірістік тиімділікті арттыру және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сай мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.