Kazakhstan Energy Week аясында «Мұнай-газ химиясының перспективалары: орта державалардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мұнай-газ химиясы саласындағы жетекші компаниялардың өкілдері, соның ішінде «KPI Inc.» ЖШС бас директоры Дамир Ашимов қатысты.
Kazakhstan Petrochemical Industries – жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін, Қазақстандағы алғашқы ірі зауыт. Кәсіпорын ТШО компаниясы жеткізетін пропанды әлемдік нарықта сұранысқа ие полимер – полипропиленге айналдырады.
Өндірістің іске қосылуы еліміздің мұнай-газ химиясы кластерін дамытудың маңызды кезеңі болып, шикізаттық үлгіден қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшуге үлгі болды.
KAZENERGY форумына қатысу компанияның ашық диалогқа, тәжірибе алмасуға және мұнай-газ химиясын ел дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде бірлесе ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсетеді.