«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI – мұнай және газ университетінің алтын серіктесі

29 Маусым
2022
KPI – мұнай және газ университетінің алтын серіктесі
Полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешенінің операторы KPI Inc. ЖШС С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің алтын серіктесі атанды – символикалық белгіні табыстау First Bolashaq Energy Forum аясында өтті. Форумда елдегі баламалы энергияға көшу перспективалары, жаңартылатын энергия көздерін енгізу және олардың өңір инфрақұрылымын дамытудағы рөлі талқыға салынды.

Форумға Қазақстанның энергетикалық және құрылыс секторындағы ірі компаниялар, салалық ұйымдарда қызмет атқаратын "Болашақ" бағдарламасының түлектері, Атырау облысы әкімдігінің өкілдері, профессорлар, зерттеушілер мен студенттер, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ ТДМ (тұрақты даму мақсаттарын) дамытуға мүдделі тұлғалар қатысты.

"Energy transition potential in Kazakhstan" сессиясында KPI Inc. ЖШС Басқарма Төрағасы Данияр Тиесов жоба туралы айтып берді.
"KPI - жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге бағытталған жоба. Біздің бір зауыттың өнімі Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркіменстанды қоса алғандағы өнім көлемінен асып түседі. Бір зауыт бүкіл Ресей Федерациясының полипропилен нарығының шамамен 35% немесе бүкіл әлемдік өндірістің 1% береді. Бұл - айтарлықтай сандар. Сонымен қатар компанияны құрылыс және пайдалану кезеңінде толық қазақстандық менеджмент басқаратынын атап өткім келеді".

Жобаның экологиялық қауіпсіздігіне қатысты тақырыпта Д.Тиесов су мәселесіне тоқталды – "Менің білуімше, бұл Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ағынды сулар мен буландырғыш алаңдары қарастырылмаған алғашқы жоба. Бізде шығарындылар жоқ. Жоба бойынша пароконденсат 80%-дан кем болмайды", деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, форум тақырыбы аясында ол өндірушілердің ғана емес, тұтынушылардың да жауапкершілігі мәселесін көтерді.
"Қажеттіліктер артып келеді, ел өнеркәсіптік дамуға бет алды, мұның бәрі электр энергиясын тұтынудың артуына әкеледі. Тұтынушы да біздің елдің экологиялық таза және қауіпсіз болуына өз үлесін қосуы керек. Мысалы, егер біз қыста жылу жүйесіндегі температураны 24-25⁰С-қа дейін төмендету үшін нормативтік шешім қабылдасақ, мүмкін, үйлер салқын болар, бірақ бұл ресурстарды айтарлықтай және ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін электр энергиясының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі".

Оқу орындары мен серіктестіктің өзара қарым-қатынасы туралы айта отырып, басқарма төрағасы өндіріс мәдениетін арттыру мақсатында инженерлік мамандықтарда міндетті түрде сынақ немесе емтихан қабылдайтын: Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері; Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау; Өрт қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік негіздері курсын енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?