23 тамыз күні «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) компаниясының қызметкерлері дауыс беруге қатысып, азаматтық құқықтарын жүзеге асырды.
Қалада тұратын қызметкерлер өздерінің тұрғылықты жері бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс берді. Қалада тіркеуде тұрмайтын басқа өңірлерден келген қызметкерлер үшін де жеке сайлау учаскесі қарастырылды.
Өндірістің ауысымдық жұмыс тәртібін ескере отырып, ауысымда жүрген қызметкерлер үшін де дауыс беруге қажетті жағдай жасалды. Атап айтқанда, СЭЗ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» аумағында арнайы дауыс беру комиссиясы ұйымдастырылып, сол жерде 65 KPI қызметкері дауыс берді.
Компания қызметкерлердің жұмыс кестесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, дауыс беруге қатысуына барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етті. KPI үшін өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен қатар, қызметкерлердің қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуына қолайлы жағдай жасау да маңызды.