«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI-дағы тұтынушылар форумы

27 Қыркүйек
2022
KPI-дағы тұтынушылар форумы
27 қыркүйекте "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС тұтынушылар форумын ұйымдастырды. Оған 30 түрлі компанияның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, облыс әкімдігі, арнайы экономикалық аймағының өкілдері қатысты

Бұл іс-шара компанияның тұтынушыға бағдарланғанын және бәсекелестік артықшылықтарын көрсетуге, өндірушінің тұтынушылармен жеке кездесулерін өткізуге, B2B кездесулерін ұйымдастыруға, полипропилен нарығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, келісімшарттарға қол қоюға, ҚР-да қоймалар ашу қажеттілігі мәселелерін пысықтауға мүмкіндік берді.
Басқарма төрағасы Данияр Тиесов өз сөзінде KPI зауыты Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстаннан көп өнім өндіретінін атап өтті.

- Біз еліміздің басқа өңірлерінен, Ресейден, Әзірбайжаннан әкелінетін өнімдердің бағасына қатысты қазіргі кездегі жағдайды қадағалап отырмыз және біздің бағамыз сыртқы өндірушілермен салыстырғанда анағұрлым тартымды болатынын атап өту керек. Біздің тұрақты тұтынушыларымыз үшін серіктестік қатынастар шеңберінде полипропиленнен өнім өндіретін адамдарға арнайы бағдарлама әзірлеуге ниеттіміз. Бірақ бұл жерде алыпсатарлық болмауы керек Біз өзіміздің техникалық базамызды, соның ішінде зертхананы ұсынуға дайынбыз, сондықтан тұтынушылар өнімнің сапасына қатысты мәселелерді шеше алады", - деді ол.

Форум қонағы – ресейлік РГК директорлар кеңесінің мүшесі Виктор Чапча да өз әсерімен бөлісті:
- Біз негізі шикізат полиэтилен және полипропилен болып табылатын геосинтетикалық өнімдер шығарумен айналысамыз. Біздің өнімдеріміз әртүрлі маркаларда: геотекстильдер, геомембраналар, жол құрылысында, кен орындарында, экологияда қолданылатын торлардың түрлері. Біз үшін жақсы материал алу өте маңызды. Бүгінгі таңда біз Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан бірлескен компания құрдық. Осы аумақта ұқсас өндірісті ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз – алдымен геомембраналар мен геосеткалар, содан кейін композиттік құбырлар шығаруды жоспарлап отырмыз.

Қапшықтар шығарумен айналысатын "WestEcoPlast" ЖШС форумға танысу, серіктестік қатынастар үшін Ақтау қаласынан келді. Бұған дейін компания жыл сайын Ресей, Өзбекстан, Түркіменстаннан 500-600 тонна шикізат сатып алатын. Ал біріккен газ-химия кешенінің ашылуына байланысты "WestEcoPlast" ЖШС қазақстандық өндірушіден полипропилен сатып алуға ниетті.  

Бұл клиенттік форум газ-химия кешенінің ашылуына орайластырылған. Алаңда барлық тараптарды қызықтыратын мәселелер талқыланып, жалпы көлемі 8 мың тонна болатын 10-ға жуық шартқа қол қойылды, олар қазан айының ортасынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін тұтынушыларға жеткізіледі.

Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?