«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI айтишнигі Еуропаның ең биік нүктесіне шықты

23 Тамыз
2022
KPI айтишнигі Еуропаның ең биік нүктесіне шықты
KPI Inc. ЖШС ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Иван Никитин Еуропа мен Ресейдің ең биік тау шыңы – Эльбрусқа (теңіз деңгейінен 5642 метр биіктікте) көтерілді.
Біз әріптесімізбен сөйлестік.
- Барлығы досымның тауға шығайық деген ұсынысынан басталды. Идея ұнады, шешімді бірден қабылдадым, – дейді Иван. - Бірақ менің досым кейіннен мұндай экстремалды қадамнан бас тартты, мен оған Кавказдың ең әдемі жерлерінен бейне қоңырау шалып, біраз қытығына тидім.
Оның айтуынша, сапар жарты жыл бұрын жоспарланған – бұл турфирмамен шарт жасасу, дайындық бағдарламасын алу және басқа да ұйымдастырушылық сәттер. Бірақ ең бастысы - шыдамдылықты шыңдау - бұл жүгіру жаттығулары.
- Мен жаттығу жоспарын асыра орындадым және сапар басталардан 4 күн бұрын жартылай марафон қашықтығын, яғни 22 км жүгірдім, - дейді Иван.
Негізгі сапар Минералды сулар әуежайынан басталды - сол жерден топ Кабардино-Балкарияға, атап айтқанда 2000 метр биіктікте орналасқан Терскол ауылына барды.
- Қонақ үйге қоныстандық, бір-бірімен таныстық. Біздің топта 8 адам болды - Мәскеуден екі адам, Уфадан 5 адам және Қазақстаннан мен. Барлығы өте ашық әрі көпшіл адамдар екен. Келесі күні біз Терскол шатқалына және 2800 м биіктіктегі сарқырамаға көтерілдік, содан кейін 3600 метр биіктіктегі Чегет шыңына көтерілдік. Ол жердің табиғат көріністері өте керемет", - дейді әріптесіміз.
5-ші күні топ Гарабаши станциясындағы лагерьге қоныстанды. Келесі күні таңертең 4700 биіктіктегі мұздықтарға көтерілді. Эльбрустың шыңын бағындырған алғашқы альпинист А.В. Пастухов 1890 жылы Шығыс шыңына, ал 6 жылдан кейін – 1896 жылы – батысқа көтеріле алды.
- 8-ші күні біз көтерілуді жоспарладық. Ол үшін түнде оянып, 1:30-да жолға шығып, 3:30-да 5100 м биіктікке көтерілдік. Таңды сол жерде қарсы алдық. Одан әрі Эльбрустың екі шыңының арасына бір қысқа аялдама жасадық. Әрі қарай бізді шыңға ақырын көтерілдік. Соңғы метрлер ең ауыр болды, дегенмен мақсатымызға жеттік. Біз жеңіске қуандық, өзімізді құттықтап, суретке түстік. Бұл рух пен ерік-жігердің нағыз сынағы болды", - деді ол.

Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?