«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI-ға Petronas компаниясының өкілдері келді

7 Шілде
2022
KPI-ға Petronas компаниясының өкілдері келді
2022 жылғы 4-7 шілде аралығында малайзиялық Petronas Ұлттық мұнай компаниясының өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында делегация 5 шілде күні Атыраудағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысымен танысты.
Делегация құрамында – Petronas компаниясының аға вице-президенті,  UTP ректоры Бачо Пилонг, Petronas жобалар мен технологияларды жүзеге асыру кеңсесі вице-президенті Мохд Шахрул Амир Замбери, UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб, UTP стратегиялық жобалар жөніндегі бас директоры Заимизи Хамдани, UTP инженерлік факультеті деканы, доктор Росдиазли Ибрахим бар.
KPI компаниясы тарапынан қонақтарды бас инженер Денис Козырев қарсы алып, жақында іске қосылғалы тұрған өндіріс нысандарымен таныстырды.
Қорытынды жиналыс барысында тек өңірдегі емес, елдегі газ-химия саласындағы мамандардың тапшылығы, оқу орындарындағы білім деңгейі, сонымен қатар, өзара қарым-қатынас тұжырымдалары талқыланды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, KPI өндірістік қызметкерлерді дайындау мақсатында Ресей, Өзбекстан, Колумбия мемлекеттерінде оқытудан өткізді. Бұл жұмыстар ары қарай да жалғасын таппақ.
Өз кезегінде қонақтар бірегей зауыттың жұмысына сәттілік тіледі.


Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?