«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. қызметкерлері газ-химия қызметкерлері күнін табиғат аясында атап өтті

1 Маусым
2026
Сотрудники Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. отметили День работников газохимической отрасли на природе
Газ-химия қызметкерлері күніне орай Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) компаниясы қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған мерекелік тимбилдинг ұйымдастырды. Табиғат аясында өткен іс-шара ұжымдық рухты нығайтып, корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталды.

Мерекелік бағдарлама барысында командалық ойындар, спорттық сайыстар мен түрлі белсенділіктер өткізілді. Қызметкерлер шараға отбасы мүшелерімен бірге қатысып, әріптестерімен бейресми ортада уақыт өткізуге мүмкіндік алды.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай компания қызметкерлерінің балаларына арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, мерекелік сыйлықтар мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Компанияның бас директоры іс-шара барысында қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың компания дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясының басты құндылығы – адамдар. Осындай шаралар ұжым арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, әріптестеріміздің отбасыларымен бірге жарқын сәттер өткізуіне мүмкіндік береді. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін»,- деді Дамир Ашимов.