KPI компаниясы өндірістік қауіпсіздікпен қатар, қызметкерлердің жұмысқа қатынау кезіндегі қауіпсіздігіне де ерекше мән береді.
Компания мамандары өндірістік алаңға жақын аумақтардағы ықтимал тәуекелдерді тұрақты түрде талдап, жол инфрақұрылымының жағдайын бағалап отырады. Осы жұмыстардың нәтижесінде Карабатан маңындағы жол учаскесінде түнгі уақытта көріну деңгейін арттыру қажеттілігі анықталды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту мақсатында компания аталған аумақта сыртқы жарықтандырудың төрт тірегін орнатты. Бұл шешім жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Жарықтандыру жүйесінің іске қосылуы түнгі уақытта жол жағдайын жақсартып, көлік жүргізушілеріне жол бағдарын анық көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.