«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ АТТАНДЫ

3 Шілде
2026
ДЕТИ СОТРУДНИКОВ КОМПАНИИ KPI ОТПРАВИЛИСЬ В ЛЕТНИЕ ЛАГЕРЯ
KPI компаниясы биыл да қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы демалыс бағдарламасын жалғастыруда. Биыл жазғы лагерьлерге баруға барлығы 107 бала өтініш білдірді. Оның ішінде 31 бала – Щучинск қаласындағы LingvoCamp лагеріне, 26 бала – Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» лагеріне, ал 50 бала – Шымкент қаласындағы Delve Camp лагеріне жолдама алды.

Алғашқы лекпен 30-дан астам бала бүгін Щучинск қаласындағы LingvoCamp лагеріне аттанды. Ал ертең 26 бала Алматыдағы «Ақбұлақ» лагеріне жол жүреді. Шымкенттегі Delve Camp лагеріне баратын балалардың демалысы 19 шілдеде басталады.

Компания үшінші жыл қатарынан қызметкерлерінің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп келеді.

Жазғы лагерьлерде балалар спорттық және танымдық ойындарға қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады, табиғат аясында демалып, жаңа достар табады.