«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI-да дуалды оқыту бағдарламасына студенттерді іріктеу басталды

8 Маусым
2026
В KPI начался отбор студентов на программу дуального обучения
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясы 2026–2027 оқу жылына арналған дуалды оқыту бағдарламасына студенттерді іріктеуді бастады. Бағдарлама өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттеріне өндірісте тәжірибе жинап, болашақ мамандығы бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысу үшін 92 студенттен өтінім түскен. Қазір С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институты, Атырау политехникалық колледжі және APEC Petrotechnic жоғары колледжінің студенттері тестілеуден өтіп жатыр.

Іріктеу химиялық технология және өндіріс, автоматтандыру және басқару, электрмен жабдықтау (электроэнергетика), сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды пайдалану мамандықтары бойынша жүргізілуде.

Тестілеу нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген студенттер компанияның бейінді бөлімшелері мамандарымен сұхбаттасуға шақырылады.

Дуалды оқыту бағдарламасы студенттерге теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастырып, заманауи мұнай-газ-химия өндірісінің жұмысымен және кәсіпорынның корпоративтік мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.

Былтыр оқу жылында бағдарламаға 85 өтінім түсіп, іріктеуге 80 студент қатысқан. Нәтижесінде 19 студент дуалды оқытуға қабылданып, қазір компанияның өндірістік нысандарында тәжірибелік даярлығын аяқтап жатыр.