KPI зауыты іске қосылғаннан бері отандық полипропилен қазақстандық кәсіпорындарда түрлі дайын өнім өндіруге пайдаланылып келеді. Солардың бірі – Алматыдағы медициналық бұйымдар шығаруға маманданған Dolce-Pharm компаниясы. Екі кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық 2022 жылдан бері жалғасып келеді.
Dolce-Pharm медициналық маскалар, қолғаптар, шприцтер, жеке қорғаныш құралдары және медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдар шығарады. Бұл салада өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне жоғары талап қойылатындықтан, сенімді шикізат таңдау ерекше маңызға ие. Компания бірнеше жылдан бері өз өндірісінде KPI полипропиленін пайдаланып, оның сапасына оң баға беріп келеді.
KPI мен Dolce-Pharm өкілдері кездесу өткізіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тараптар форсаждық бағдарламаларды ұсыну мүмкіндіктерін, логистика мәселелерін, сондай-ақ нарықтағы қазіргі жағдай мен оның даму қарқынын қарастырды.
KPI қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастырып, ішкі нарықты отандық полипропиленмен қамтамасыз етуге және еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөліп келеді.