ҚМГ Спартакиадасында «KPI» ЖШС қызметкерлері спорттың бірнеше түрінен жоғары нәтиже көрсетіп, компания қоржынына жүлделі орындар қанжығалады.
Атап айтқанда, үстел теннисі бойынша ерлер арасында өткен жарыста Дамир Абельдинов қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
Жүзу сайыстарында да «KPI» ЖШС спортшылары сәтті өнер көрсетті:
Ерлер арасында 35–39 жас санатында Азамат Жолымбетов — ІІ орын;
Ерлер арасында 30–34 жас санатында Азамат Нуфтолла — ІІ орын;
Ерлер арасында 25–29 жас санатында Нұрдаулет Теміров — ІІ орын;
Әйелдер арасында 40–44 жас санатында Әйгерім Губайдуллина — ІІІ орын;
Әйелдер арасында 30–34 жас санатында Алтынай Серікбай — ІІІ орын иеленді.
Спартакиада қорытындысы бойынша «KPI» ЖШС қызметкерлері жоғары спорттық дайындықтарын, жеңіске деген жігері мен командалық рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Компания ұжымы жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейді.