Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұйымдастырған мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың басым бағыттарын айқындауға арналған салалық хакатон өтті.
Хакатон қорытындысы бойынша KPI командасы «Полипропиленнен жоғары қосылған құнды өнімдер өндіру» бағыты аясында жергілікті өндірістің полипропиленін пайдалана отырып, Атырау облысында биг-бэг өндірісін ұйымдастыру жобасын ұсынып, екінші орынға ие болды.
Жоба полимерлік шикізатты терең өңдеуді дамытуға, жоғары қосылған құнды өнім және өңірдің мұнай-газ химиясы кластерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Хакатон жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, тәжірибе алмасу, перспективалы бастамаларды талқылау және өзге қатысушылардың қызықты жобаларымен танысу алаңына айналды. Командалар ұсынған шешімдер технологиялық инновациялар мен экологиядан бастап кадр даярлау және жаңа өндірістерді дамыту бағыттарын қамтыды.