«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«KPI Inc.» ЖШС цифрлық шешімдерді енгізу және пайдалану тәжірибесімен бөлісті

30 Наурыз
2026
ТОО «KPI Inc.» поделилось опытом внедрения и эксплуатации цифровых решений
12–13 наурыз «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің кеңсесінде «Dunga Operating GmbH» және «Silleno» ЖШС өндірістік компаниялары өкілдерінің қатысуымен референс-визит өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы өнеркәсіп секторына арналған заманауи IT-шешімдерді енгізу және пайдалану саласындағы сараптамалық тәжірибе алмасу болды.

Бүгінде KPI компаниясы жаңа буындағы SAP S/4HANA ERP жүйесін енгізіп, оны сәтті пайдаланып отырған компаниялардың бірі. Сапар барысында «Dunga Operating GmbH» және «Silleno» мамандары газ-химия кешеніндегі бизнес-процестерді цифрландырудың практикалық аспектілерімен танысты.

Кездесу барысында KPI компаниясының өкілдері SAP S/4HANA жүйесін пайдалануға енгізгеннен кейінгі тиімді сүйемелдеу тәжірибесімен, өндіріс қажеттіліктеріне бейімдеу және жүйені ауқымдау бойынша ішкі шешімдерді қабылдау тәсілдерімен, сондай-ақ ERP шешімдерін басқа цифрлық құралдармен интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясына ішкі тәжірибелеріңіз бен жүйені дамыту тәсілдеріңізбен жан-жақты танысу мүмкіндігін ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», — деп атап өтті «Dunga Operating GmbH» өкілдері.