Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) компаниясының IT қызметінің жетекшісі Тимур Қарымсақов белгілі ғалым Айтимов Аксерик Сарыевичтің 75 жылдық мерейтойына орай Орал қаласында өткен «Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайында инженерлік ғылым мен білімнің дамуының мәселелері мен болашағына арналған XVII Халықаралық ғылыми Надиров оқулары» іс-шарасының пленарлық сессиясында баяндама жасады.
Ол Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI ) ЖШС-нің цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісіп, негізгі жобалардың нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтты.
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясының атынан Ғұмар Дүйсембаев мерейтой иесін құттықтап, Сенат Төрағасының құттықтау хатын табыс етті. Шара барысында университет пен Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады.