«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

ҚР Энергетика вице-министрі КРІ кешенінің жұмысымен танысты

17 Қазан
2025
Вице-министр энергетики РК ознакомился с работой комплекса KРІ
Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов KРІ ЖШС кешеніне келді.

Сапар барысында вице-министр зауыттың технологиялық қондырғыларын аралап, өндіріс процесімен, экологиялық қауіпсіздік жүйелерімен және жаңа цифрлық шешімдердің енгізілу барысымен танысты.

Конақты кешеннің бас директоры Дамир Ашимов қарсы алып, кәсіпорынның қазіргі жетістіктері мен алдағы даму жоспарлары жөнінде баяндады. Ол өндірістің тұрақтылығын арттыру, энергия тиімділігін көтеру және ішкі нарық пен экспорт әлеуетін кеңейту бағытындағы жобалар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Вице-министр Санжар Жаркешов энергетика саласындағы инновациялар мен жергілікті өндіріс қуатын арттырудың маңыздылығын атап өтті.


КРІ кәсіпорыны ішкі нарықтағы қайта өңдеуші компаниялардың үлесін кеңейтуді жалғастырып, бүгінде 132-тен астам қайта өңдеуші мекемемен ынтымақтастық орнатты. Игерілген 15 марканың 13-ін отандық өндірушілер түрлі өнім шығару үшін қаптама мен тоқыма емес материалдардан бастап инженерлік бөлшектерге дейін белсене қолданады. Тағы екі марка омологация кезеңінен өтіп жатыр, яғни түпкілікті тұтынушылар оның сәйкестігін растауда.