Республика күні мерекесіне орай, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бір топ қызметкерін марапаттап, олардың еңбегін лайықты бағалады.
Салтанатты іс-шарада компанияның бас инженері Абзал Досжанов ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел дамуы жолындағы тарихи және рухани маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде еңбегі еленген қызметкерлерге алғыс білдіріп, кәсіби жетістіктер мен табыс тіледі.
Марапаттау рәсімі барысында бірқатар қызметкер мемлекеттік және салалық деңгейдегі марапаттарға ие болды:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен
– Асхат Сабитов
– Артур Мухтаров
– Ерлан Абилов
– Дина Балгимбаева
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан:
– Азамат Жулумбетов – «Үздік мұнайшы» белгісімен,
– Жасболат Муханбеткалиев– естелік белгімен,
– Акмарал Дарбаева – Алғыс хат иеленді.
Мұнай-газ-химия өндірушілері мен тұтынушылары қауымдастығы атынан:
– Сарсенова Эльмира – «Мұнай-газ-химия саласының еңбек ардагері» медалімен,
– Нуралы Курмашев – «Мұнай-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен,
– Жаксылык Альмуханов– Құрмет грамотасымен,
– Аскар Бакесов және Асланбек Сарсенгалиев – Алғыс хаттармен марапатталды.
Атырау облысы ардагерлер кеңесінің атынан
– Божейко Максим – «Еңбек жетістіктері үшін» медалімен марапатталды.