2025 жылдың 25 сәуірінде «KPI Inc.» ЖШС пропанды құю және сақтау өндірісінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өкілінің қатысуымен «Темір жол эстакадасының ашық алаңында сұйық пропан құбырынан көмірсутектердің шығарындысы» тақырыбында оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Оқу-жаттығу дабылы жоспарына сәйкес, авария салдарынан өндірістік нысанның операторы уланған.
Аварияны жою үшін келесі жедел-құтқару жасақтары жұмылдырылды: «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС БФ объектілік КАҚБ Қарабатан жедел-құтқару жасағы және «Интертич» ЖМ ЖДА медициналық қызметі. Төтенше жағдай орын алған аумақты қоршауды «Agaiyn Security» күзет қызметі қамтамасыз етті.
Оқу-жаттығу дабылында өндіріс персоналының аварияны оқшаулау бойынша бастапқы іс-әрекеттері пысықталып, сонымен қатар жинау орындарына эвакуациялау жүргізілді. Жедел-құтқару жұмыстары аясында зардап шегуші бекітілген арқанмен төмен түсіріліп, өрт сөндіру бөлімшесі күштері мен құралдарын өрістету жұмыстары жүргізілді.
Жалпы оқу-жаттығу дабылы нәтижелері өндірістік персоналдың және авариялық жағдайларға ден қою бойынша тартылған бөлімшелердің әрекетіне оң баға берді.
Оқу-жаттығу орнына барлығы 4 бірлік техника мен 22 жедел-құтқару жеке құрамы жұмылдырылды.