«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ мұнай-газ-химия саласы мамандықтарының жәрмеңкесіне қатысты

4 Наурыз
2025
КРІ принял участие в ярмарке профессий нефтегазохимической отрасли
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде мектеп оқушыларына арналған мұнай-газ-химия саласы мамандықтарының жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға саланың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат беру, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу және өндірістік компаниялар мен оқу орындарының мүмкіндіктерімен таныстыру.



КРІ газ-химия кешенінің қызметкерлері жәрмеңкеге қатысып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. Компания мамандары зауыт жұмысы туралы баяндап, пропаннан полипропилен өндіру процесін және полипропиленнен жасалатын өнім түрлерін түсіндірді.



– КРІ қызметкерлерінің басым бөлігі – жас мамандар. Компания білікті жастарды қолдауға ерекше мән береді. Бүгінде студенттер үшін өндірістік тәжірибеден өту, дуалды оқыту және тағылымдама бағдарламалары қарастырылған. Біздің салаға оқушылардың қызығушылығы жоғары екенін байқадық, – деді РР өндірісінің аға операторы Раимбек Каиргузин.



Жәрмеңке барысында оқушылар КРІ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын
қойып, мұнай-газ-химия саласындағы мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат алды.
КРІ болашақта да жас мамандарды қолдау және кәсіби бағдар беру шараларына
белсенді қатысуды жалғастырады.