«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«KPI Inc.» ЖШС Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде газ-химия саласына арналған бұрыш жасақтау үшін өз экспонаттарын табыстады

26 Қараша
2024
ТОО «KPI Inc.» передало свои экспонаты в Атырауский областной историко-краеведческий музей для создания уголка, посвящённой газохимической отрасли в стране
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» газ-химия кешенінің іске қосылғанына екі жыл толуына орай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде пропилен ұнтағынның бірінші партиясын, 030GP маркалы полипропилен түйіршіктерін, С3Н8 (пропан) шикізатының бірінші цистернаның пломбасын және кешеннің іске қосылған салтанатты шарасының тарихи суреттерін тапсырды.

Газ-химия саласына арналған бұрыш құру шарасына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, КРІ компаниясының бас директоры Дамир Әшімов, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне директоры Мұхамбетқали Кипиев және сала ардагерлері мен кешен қызметкерлері қатысты.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев KPI компаниясының газ-химия саласын дамытудағы көшбасшы компания екендігін, кешеннің Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібіне орасан зор үлес қосып жатқанын атап өтті.

Жиын барысында KPI компаниясы мен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің арасында меморандумға қол қойылды.

-Бүгін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне газ-химия бұрышын құру үшін өз экспонаттарымызды табыстадық. Алдағы уақытта газ-химия бағытында бұрыш жасақталып, өзге жобалардың экспонаттары қосылады деп сенеміз,-деді КРІ компаниясының бас директоры Дамир Әшімов.

Ынтымақтастық меморандум аясында KPI мен музей арасында өзара бірлескен жобалар, өлке тарихы, музей ісі саласында тың серпілістерге қолдау көрсету бағытында жобалар жүзеге асатын болады.

-Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде газ-химия бағытына арналған бұрыш ашу — еліміздегі шикізатты терең өңдеу жолындағы еңбектері көрермендерге насихаттаудың бірден бір жолы, сондықтан бұл ұсынысты қуана қабылдадық,-дейді музей басшысы Мұхамбетқали Кипиев.

Компания 3 қараша қызметкелері мен олардың отбасы үшін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашық есік күнін жариялады.