«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Біз қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге әрқашан дайынбыз

25 Мамыр
2022
Біз қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге әрқашан дайынбыз
Неліктен жұмысқа жергілікті тұрғындарды емес, басқа өңірлердің адамдарын аласыздар? Неліктен зауытты қытайлар салуда? Зауыт қашан іске қосылады? Зауыт қызметі аймақтың экологиясына қалай әсер етеді?

Осы және басқа да сұрақтарға қоғам өкілдері мен журналистер полипропилен өндіру жөніндегі интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс алаңын аралау кезінде жауап алды. Кешен аумағында қонақтарды KPI ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дамир Әшімов және өндіріс департаментінің сарапшысы Садуохас Мералиев алып жүрді.

Зауыт аумағында қонақтар пропан құю және сақтау паркіне, дайын өнім қоймасына, пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялық қондырғыларына, сондай-ақ орталық зауыт зертханасы мен әкімшілік-тұрмыстық корпустарға барды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта зауыт іске қосу-жөндеу жұмыстары сатысында тұр, жабдықтар мен қондырғылар сынақтан өткізілуде.

Зауыт ішін аралап болған соң конференц залында KPI басшылығы қоғам өкілдері мен журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Халық арасында жергілікті қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша көптеген сұрақ туындауда. Қазіргі уақытта компания штаты 552 адамды құрайды, оның 75% - Атырау облысының тұрғындары. KPI бейіндік мамандықтар бойынша дипломы бар түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бірнеше оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынаста. Бүгінгі таңда бос жұмыс орындары бар.

Естеріңізге сала кетейік, жақында резюме қабылдау үшін cv@kpi.kz арнайы электрондық пошта ашылды. Келіп түскен барлық түйіндеме қаралады және талаптарға сәйкес келген жағдайда HR-бөлімінің қызметкерлері үміткерлермен хабарласады.

Жұмыс істейтін персоналды оқытуға көп көңіл бөлінеді. 2018 жылдан бастап негізгі қызметкерлер үшін БАӘ, АҚШ, ҚХР, Бельгия және Оңтүстік Кореяның ұқсас кәсіпорындарында тағылымдама жоспарланған болатын. Бірақ пандемия мен карантиндік шектеулерге байланысты бұл елдерге бару мүмкін болмады.

Ұқсас бейіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда тағылымдамадан өту мақсатында KPI мамандары Өзбекстандағы Шуртанский газ-химия кешеніне, "СИБУР" ЖАҚ-қа, Колумбия мен Германияға оқуға барды. Бұдан басқа, теориялық оқыту APEC PetroTechnic жоғары колледжінің базасында өтеді, лицензиардан және EPC-келісімшарт шеңберінде оқыту тәжірибесі де қолданылады.

Негізгі қызметкерлерді ынталандыру мақсатында Атырау қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтерлер беру жоспарлануда.

Жобаның бас мердігері "толық аяқталған"жобасын іске асыратын қытайлық CNCEC компаниясы екенін еске саламыз. Кешен аумағында ҚХР азаматтары жұмыс істейді, олар нысанды пайдалануға бергеннен кейін өз еліне кетеді. Зауытты ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Біздің жобамызға қызығушылық танытқаны үшін қаланың барлық бей-жай емес адамдарына алғыс айтамыз және ашықтықты ұстанатынымызды және әрқашан сұрақтарға жауап беруге дайын екенімізді ескертеміз.

Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?