Қалыптасқан жағдайға байланысы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің ресми жауабы
Қазіргі уақытта ыстық циркуляция технологиясы бойынша пропанды дегидрлеу өндірісі және пропиленді полимерлеу өндірісі «Теңізшевройл» ЖШС-індегі апаттық жағдайға байланысты пропан жеткізілімі уақытша тоқтатылған.
Кәсіпорынның тоқтап қалу ықтималдығын төмендету мақсатында баламалы шикізат көздерін жеткізу пысықталып жатыр. Атап айтқанда, баламалы жеткізушілерден жалпы көлемі шамамен 11 000 тонна болатын пропан жеткізу көзделген.
Бүгінде KPI аумағындағы буллиттерде 3 364 тонна көлемінде пропан бар.
Кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті қоры бар. Бұл сұранысты қамтамасыз етуге және клиенттер алдындағы барлық міндеттемені толық орындауға мүмкіндік береді.