С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері KPI газ-химия зауытында дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Бұл бағдарлама университет пен компания арасында 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы уақыт аралығында дуалды оқыту жүйесіне 17 студент қатысып, оның 4-і өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан. Бағдарлама аясында студенттер екі апта университетте теориялық білім алса, келесі екі аптада өндіріс орнында практикалық тәжірибеден өтеді.
— Студенттерге ең алдымен қауіпсіздік ережелерін үйретеміз. Кейін өндіріс процесі, технологиялық режимде басқару, технологиялық құрылғыларды меңгеру, схемалар мен жабдықтармен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде көрсетеміз. Студенттердің бейімділігі жоғары. Дуалды оқыту бағдарламасы тиімді, әсіресе оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға жақсы мүмкіндік береді, — дейді KPI компаниясының инженер-технологы Нұрдәулет Есімов.Атырауские студенты проходят обучение на заводе в рамках дуальной системы образования