«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Атыраудағы іскерлік таңғы ас: индустрия көшбасшыларымен стратегиялық диалог

20 Ақпан
2026
Бизнес-завтрак в Атырау: стратегический диалог с лидерами индустрии
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Атырау облысына барды. Палата басшысының мұнайлы астанадағы жұмыс күні өңірдегі «Силлено» ЖШС, «KMG PetroChem» ЖШС және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС сияқты ірі кәсіпорын басшыларымен іскерлік таңғы ас форматындағы кездесуден басталды.

KPI газ-химия кешені – бұл Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған, еліміз үшін бірегей жоба. Зауыт жылына 500 мың тонна полипропилен өндіріп қана қоймай, шағын және орта бизнестің тұтас экожүйесін дамытуға негіз қалап отыр. Компания білікті мамандарды даярлауға белсенді қатысуда. Кәсіпорында 630 адам еңбек етеді, олардың 80%-дан астамы – Атырау облысының жергілікті тұрғындары, осының өзінен жобаның әлеуметтік маңыздылығы айқын көрінеді.

Қазір полипропилен гомополимерінің 15 маркасы игерілген, өнім желісі кезең-кезеңімен кеңейтілуде, соның ішінде фталатсыз катализаторлар негізінде шығарылатын маркалар да бар. Жобалық әлеует 64 маркаға дейін гомополимер өндіруді көздейді. Бұл маркалар құрылыста, медицинада, тамақ өнеркәсібінде, тоқыма өнеркәсібінде қолданылады.

Шикізаттан брендке дейін: Қосылған құн жасаудың жарқын үлгісі ретінде отандық «Бал Текстиль» фабрикасын атап өтуге болады. Еліміздегі кілем тоқитын алғашқы өндіріс орны бүгінде дәл осы KPI шығаратын атыраулық полипропиленді пайдаланады. Бұл – Теңіздегі газды өңдеуден бастап, әрбір қазақстандықтың үйіндегі дайын кілемге дейінгі аралықты қамтитын нағыз «қарапайым заттар экономикасының» көрінісі.

Кездесуде осындай қосылған құн тізбегін қалай кеңейтуге болатыны және жергілікті өнім берушілер желісін дамыту үшін индустриялық алпауыттарға қандай қолдау қажет екендігі талқыланды.