«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» басшысы Дамир Ашимов кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді

27 Ақпан
2026
Руководитель компании «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Дамир Ашимов провёл встречу с коллективом предприятия
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» басшысы Дамир Ашимов кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізіп, 15 наурызға белгіленген республикалық референдум қарсаңында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында Бас директор конституциялық реформаның ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның жаңару, әділеттілік пен орнықты даму жөніндегі сұранысына жауап береді. Дамир Ашимов өндірістік сектор өкілдері үшін экологиялық нормаларды сақтау мен тұрақты даму қағидаттарын ұстану ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Жаңа конституциялық нормалар тек құқықтық негізді жаңартумен шектелмейді, олар әрбір кәсіпорынның әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған», – деді ол.

Кездесу барысында қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, өзгерістердің әлеуметтік салаға, еңбек қатынастарына және жас мамандарды қолдауға ықпалы туралы ойларымен бөлісті. Ұжым өкілдері реформаның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын қорытындысында КРІ басшысы қызметкерлерді алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық ұстаным танытудың ел дамуына қосылатын маңызды үлес екенін айтты.