«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI алаңында Nomad School оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті

21 Қараша
2025
KPI состоялась ознакомительная экскурсия для учащихся Nomad School
KPI алаңында Nomad School оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушыларға негізгі өндірістік процестер түсіндіріліп, зауыттың маңызды учаскелері көрсетілді. Сондай-ақ полипропилен өндіруге қатысатын мамандықтармен таныстырылып, KPI мамандары оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді және өз тәжірибелерінен мысалдармен бөлісті.

KPI өңір өнеркәсібінің дамуына үлес қосатын жұмысшы және техникалық мамандықтардың маңыздылығын көрсете отырып, жастардың инженерлік және техникалық бағыттарға қызығушылығын арттыруға ықпал етуді жалғастырады.