«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI ЖШС ТІ компаниясымен келісімге қол қойды

30 Маусым
2025
ТОО «KPI» подписало соглашение с компанией TI
Central Asia PlastWorld халықаралық көрмесі аясында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) мен TI келісім жасасты.



ТІ – пластик ыдыс өндіруге маманданған жаңа компания. Өндіріс КРІ-дың полипропиленін қолданып, іске қосылмақшы.



«Отандық шикізатпен жұмыс істейтін жаңа өңдеуші кәсіпорындардың пайда болуы біздің клиенттерге бағытталған бағдарламаларымыздың нақты нәтиже беріп жатқанын көрсетеді», — деді сату және клиенттерге қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Дамир Абельдинов.





ТІ компаниясы көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді:



«KPI компаниясына бастапқы кезеңде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Сапалы шикізаттың тұрақты жеткізілуі өндірісті сенімді түрде дамытуға және “Қазақстанда жасалған” таңбасы бар өнім шығаруға мүмкіндік береді», — деді TI компаниясының басшысы Тахир Заитов.



Бұл келісім KPI компаниясының полимер саласындағы шағын және орта бизнестің дамуына нақты үлес қосып жатқанын көрсетеді. Компания отандық өңдеуші секторға “Форсаж”, техникалық қызмет, өңірлерде қойма ашу және тағы басқа түрлі бағдарлама аясында қолдау көрсетіп келеді.



«Форсаж» — KPI компаниясының Қазақстандағы қайта өңдеушілерді қолдауға бағытталған бағдарламасы. Бағдарлама аясында отандық өндірушілер KPI өнімін арнайы бағамен сатып ала алады.