«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025 көрмесінде полимерлерді қайта өңдеу перспективалары туралы баяндады

26 Маусым
2025
KPI представляет перспективы переработки полимеров на выставке CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025
KPI компаниясы CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025 көрмесіне қатысып, пластик және полимер өнеркәсібінің жетекші өкілдерімен бір алаңда бас қосты.



Компанияның сату және клиенттерге қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Дамир Абельдинов көрме аясында «Қазақстанда полимерлерді қайта өңдеуді дамыту перспективалары және ондағы КРІ-дың

рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде полимер саласын дамытудың ел экономикасы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.



«Қазақстанның полимерлік өнеркәсібін дамыту – экономикалық өсімнің факторы ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құру мен технологиялық тәуелсіздікке қол жеткізудің жолы. KPІ ішкі нарықты жандандырып, отандық өңдеуші кәсіпорындардың дамуына жол ашуды маңызды міндет деп санайды», — деді ол.



Дамир Абельдинов «Форсаж» бағдарламасының отандық полипропилен тұтынушыларын қолдаудағы рөліне де тоқталды. Бағдарлама шағын және орта бизнестің алдына қойылған кедергілерді азайтуға, полимер өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.



«Форсаж» — KPI компаниясының Қазақстандағы қайта өңдеушілерді қолдауға бағытталған бағдарламасы. Бағдарлама аясында отандық өндірушілер KPI өнімін арнайы бағамен сатып ала алады.