«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025 көрмесінде өз өнімін ұсынды

25 Маусым
2025
KPI представил свою продукцию выставке CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) компаниясы өз өнімдерін үшінші жыл қатарынан елдегі ірі салалық алаңдардың бірі – CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025 көрмесінде таныстырып отыр. Бұл компанияның Қазақстанның мұнай-химия саласын трансформациялаудағы белсенді рөлін айқын көрсетеді.



KPI қазақстандық өңдеушілер үшін негізгі шикізат жеткізуші ретіндегі орнын нықтап, еліміздегі полипропилен нарығына елеулі өзгеріс енгізді. 2025 жылғы алғашқы жартыжылдықта компанияның ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 57% болған. KPI іске қосылған сәттен бастап Қазақстан полипропилен импортына тәуелділікті сенімді түрде азайтып келеді. Болжам бойынша, жылдың аяғына дейін импорт үлесі 5%-ға дейін қысқарады.



Бүгінде KPI өз өнімдерін Еуропа, Түркия, Ресей және Қытайға экспорттап отыр. Әрі қарайғы өсім үшін инфрақұрылымды дамыту, кадр даярлау, жабдықтарды жаңғырту және шағын мен орта бизнесті қолдау салаларында мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы қажет.



Биыл қаңтар-мамырда зауыт 175 мың тонна полипропилен өндірді. Сұраныстың артуына қайта өндірушілерді қолдауға арналған жаңа бағдарламаларының іске қосылуы, маркалар ассортиментінің кеңеюі және KPI тарапынан техникалық сүйемелдеудің себеп.



Бүгінде компания полипропиленнің 12 түрлі маркасын шығарады. Бұл Қазақстан өнеркәсібінің әртүрлі саласындағы өңдеуші кәсіпорындарға орау және тоқыма бұйымдарынан бастап, инженерлік компоненттерге дейін кең ауқымды өнім шығаруға мүмкіндік береді.



2025 жылдың алғашқы бес айында ішкі нарықтағы полипропиленді өңдеу көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28%-ға артты. 2022 жылдың аяғында КРІ іске қосылғаннан бері өңдеуші кәсіпорындар саны 80-нен 130-дан астамға дейін өсті. 2025 жылы KPI сатылымының шамамен төрттен бірі жаңадан ашылған компанияларға тиесілі.



— Біз үшін CENTRAL ASIA PLASTWORLD көрмесі – жай ғана салалық шара емес. Бұл — өндірушілер, өңдеушілер, серіктестер мен клиенттер кездесетін ортақ алаң. Мұнда біз KPI-дың нарықты қалай өзгертіп, Қазақстанда толыққанды өңдеу индустриясын қалыптастырып жатқанын айқын көре аламыз. Біз жеткізумен шектелмейміз. Клиентке марканы таңдаудан бастап өндірісті іске қосуға дейін барлық кезеңде қолдау білдіреміз, — деді KPI компаниясының маркетинг және сату жөніндегі директоры Данила Могилевцев.

— Біздің міндетіміз — өңдеушілерге сапалы өніммен қатар ертеңгі күнге деген сенімділік беру. Біз ашықпыз, клиенттердің нақты қажеттіліктерін түсінеміз және олардың мақсаттарына бейімделуге дайынбыз. KPI нарықпен бірге дамуда және біз осы саланың дамуына серпін беріп отырғанымызды мақтан тұтамыз, — деп қосты ол.



CENTRAL ASIA PLASTWORLD 2025 көрмесіне қатысу — KPІ-дың саланы жүйелі түрде түрлендіру жолындағы кезекті қадамы.