«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI СИБУР сарапшыларының қатысуымен стратегиялық сессия өткізді

5 Мамыр
2026
 Kazakhstan Petrochemical Industries: KPI провела стратегическую сессию с участием экспертов СИБУР
Сессия кәсіпорынның бейінді мамандарының қатысуымен брейншторминг форматында өтіп, негізгі өндірістік және операциялық сын-қатерлерді анықтауға бағытталды. Бірлескен жұмыс барысында қатысушылар проблемалық аймақтарды талқылап қана қоймай, оларды шешуге бағытталған нақты бастамаларды қалыптастырды.

Топтық жұмыс қорытындысы бойынша технологиялық процестердің тиімділігін арттыру, жабдықтардың сенімділігін күшейту, сондай-ақ ішкі операциялық тәсілдерді жетілдіру бағыттарын қамтитын іс-шаралар тізбесі әзірленді. Әрбір ұсыныс практикалық іске асыру тұрғысынан жан-жақты пысықталды.

Сыртқы сараптаманы тарту ағымдағы процестерге жаңа қырынан қарауға және оларды саланың үздік тәжірибелерімен салыстыруға мүмкіндік берді. Сессия қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрақты өндірістік нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған шешімдер ұсынды.