ҚМГ-ның еншілес компаниясы — Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) «Асыл Арман» компаниясымен әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Көкшетауда орналасқан «Асыл Арман» кәсіпорны Қазақстанда сусымалы материалдарға арналған жұмсақ қаптама өндіру саласындағы ірі өндірушілердің бірі. Сонымен қатар компания полипропилен қаптар, биг-бэг үлгісіндегі контейнерлер және әртүрлі өнеркәсіптік қаптамалар шығарады.
Ынтымақтастық аясында KPI қап өнімдерін өндіруге арналған полипропиленнің импортты алмастыратын маркасын ұсынды. Бұл шетелдік шикізатқа тәуелділікті азайтып, нарықтағы жергілікті өнім үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді қарым-қатынасты нығайтуға KPI жүзеге асырып жатқан «Форсаж» қолдау бағдарламасы ықпал етуде. Бағдарлама Қазақстанда полимерлерді өңдеуді дамытуға, отандық өндірушілерді сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және импорт көлемін қысқартуға бағытталған.
— KPI өндірген полипропиленнің сапасы біздің өндіріс талаптарына толық сәйкес келеді. Бастапқы кезеңде техникалық мамандар келіп, технологиялық үдерісті бейімдеуге көмектесті. KPI-мен әріптестік біз үшін тиімді, — деп атап өтті «Асыл Арман» ЖШС бас директоры Серік Керуенбаев.