«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атыраудағы жұмыс сапары аясында
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің (KPI — ҚМГ еншілес кәсіпорны) газ-химия кешеніне барды.
KPI-да өткен кеңесте өндірістік жұмыстарды орындау мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Биылғы бес айда KPI 175 мың тонна полипропилен өндірді.
Полипропиленді ішкі нарыққа жеткізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жыл басынан бері отандық полипропилен өңдеу нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өсіп, 21,3 мың тоннаға жетті.
KPI еліміз ішінде өз үлесін сенімді түрде арттырып келеді. 2024 жылы компанияның сату көлемі бір жылда 22,9 мың тоннаны (нарықтың 57%) құраған болса, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында зауыт 19 мың тонна өнім сатуды жоспарлап отыр. Бұл нарықтың 70%-дан астам үлесіне тең. Маусымда ұзақ мерзімді келісімшарттардың үлесі артуы есебінен өнімді ішкі нарыққа сату көлемі рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде.
Бұл өсім клиенттік базаның кеңеюіне байланысты мүмкін болып отыр. Бүгінде 130 қазақстандық компанияның 60-тан астамы КРІ-дан ай сайын полипропилен сатып алады. Аталмыш үрдіске KPI іске асыратын, өңдеушілерді қолдау бағытталған «Форсаж» бағдарламасы да септігін тигізуде. Тек мамыр айының өзінде бұл бағдарламалар арқылы 340 тоннадан астам өнім жөнелтілсе, маусымда бұл көрсеткіш 400 тоннаға жуықтайды деп жоспарлануда.
Бүгінде KPI өнімі Қазақстанда кеңінен қолданылып, қаптама, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық бұйымдар өндірісінде пайдаланылады. Ішкі нарықтан бөлек, қазақстандық полипропилен Қытай, Ресей, Түркия және Еуропа елдеріне де экспортталады.
А.Хасенов KPI басшылығына өндірістің сенімділігін арттыру және ішкі нарықтағы коммерциялық позицияны одан әрі нығайту бойынша бірқатар тапсырма берді.