Осы арқылы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (бұдан әрі – KPI) бизнес-қоғамдастықты (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қара метал сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын отандық металлургия кәсіпорындары және/немесе заңды тұлғалар) металл сынықтарды (қара металл сынықтары) жүзеге асыру бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізу туралы хабардар етеді.
Металл сынықтардың орналасқан жері - Қарабатан, "НИНТ" АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен зауыты (Атырау, Атырау–Доссор трассасы, 295 құрылыс).
Шамамен көлемі - 200 тонна, 2 лот (әр лот – 100 тонна). KPI Inc. зауытының аумағынан (Атырау, Атырау–Доссор трассасы, 295 құрылыс) 10 жұмыс күні ішінде өздігінен алып кету.
Аукцион өтетін жер - Атырау қ., Адмирал Лев Владимирский к-сі, 26в, конференц-зал (2 қабат).
Аукцион тәсілі - ағылшын әдісі.
Аукционның басталу күні мен уақыты - 30.03.2026, Атырау уақытымен 14:00.
Қара металл сынықтардың бастапқы бағасы - 1 килограмм үшін 38,33 теңге.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 04.03.2026.
Өтінімдерді қабылдау аяқталуы - 25.03.2026, 17:00 (Атырау уақыты).
Металл сынықтарды шығару мерзімі - жұмылдырудан (шарт талаптарына сәйкес) және аванстық төлемнен кейін 10 жұмыс күні ішінде.
Металл сынықтарды өткізу орны - Қарабатан, «НИНТ» АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен зауыты (Атырау, Атырау–Доссор трассасы, 295 құрылыс).
Өткізу шарттары - металл сынықтарды сатып алу, жинау, шығару, тиеу, түсіру, сақтау, тасымалдау, сақтандыру төлемдері (қажет болған жағдайда)
және өзге де шығындардың барлығы сатып алушының есебінен.
Танысу тәртібі, күні мен уақыты - өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін (алдын ала келісім бойынша).
Төлем шарттары - шығарылатын металл сынықтары көлемінің 100% алдын ала төлемі.
Шарт жобасы - қосымшада көрсетілген.
Аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі - аукцион нәтижелері шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде.
Жеңімпазды анықтау қағидасы - қабылданбаған өтінімдер санатына кірмейтін қатысушылар ұсынған ең жоғары баға.
Байланыс ақпараты: reception@kpi.kz; +7 (771) 903 30 30; assel.khairullina@kpi.kz
Әлеуетті сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1. Металл сынықтарын дайындау жұмыстарын жүргізуге қажетті техника болуы:
- кемінде 2 жүк көлігі (жүк көтергіштігі кемінде 20 тонна, техникалық паспорттарымен, техникалық байқауларымен, сақтандыруымен, жалдау шарттарымен расталады);
- кемінде 1 тиегіш/кран (жалдау шарттарымен немесе меншік құқығын растайтын құжаттармен, сондай-ақ 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №359 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына крандардың жүк көтергіштігінің сәйкестігін растайтын құжаттармен расталуы тиіс);
- металл кесуге арналған құралдар.
2. Металл сынықтарын дайындау бойынша өрт-техникалық минимум, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және т.б. бойынша рұқсаттары бар білікті персонал (тиісті құжаттар көшірмелерімен расталады).
3. Шартқа қол қойғаннан кейін 10 күн ішінде жұмылдыру.
4. Металды тәулік бойы, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, шығару жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігі.
5. Банк деректемелерін, соның ішінде заңды тұлғаның жеке шотын және әлеуетті сатып алушының БИН-ін ұсыну (сенімділікті тексеру үшін).
6. Біліктілік талаптары осы Қағидалардың 4-бабында белгіленген. Комиссия мүшелері осы Қағидалардың 4-бабында көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын енгізе алады, мұндай талаптар отырыс хаттамасында көрсетілуі тиіс.
Қоса атқарылатын жұмыстар - металл сынықтар сақталған аумақты тазалау.
Аукционға қатысу өтінімін беру – жеңімпаз ретінде танылған жағдайда сатып алу-сату шартын жасасуға келісім білдіру болып табылады.
Өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылуы тиіс.
Өтінім құрамында және жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттармен бірге төмендегі ақпарат болуы тиіс:
- әлеуетті сатып алушының атауы мен нақты мекенжайы;
- аукционға қатысуға уәкілетті тұлға туралы мәліметтер (өкілеттілігін растайтын құжаттармен);
– заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтамасының электрондық көшірмесі, не болмаса Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі, немесе әлеуетті сатып алушының www.egov.kz ресми мемлекеттік интернет-ресурсына сілтемесі бар өтінішінің электрондық көшірмесі, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген әлеуетті сатып алушының мемлекеттік тіркелгенін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
Металл сынықтарды өткізу рәсімдерінің нәтижелері бойынша бұрын негізсіз себептермен шарттар жасасудан бас тартқан, не өздерінің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамай KPI-ға белгілі бір залал/зиян/тәуекел келтірген (сот шешімімен расталған) сатып алушылар “Металл сынықтары бойынша адал емес сатып алушылар тізіліміне” енгізілуі мүмкін.
KPI аталған тізілімге енгізілген күннен бастап бір жыл бойы «Металл сынықтары бойынша адал емес сатып алушылар тізімінде» тұрған сатып алушыларды аукционға жібермеуге құқылы.