«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI ЖШС бас директорының есептік кездесуі өтті

26 Мамыр
2025
Отчётная встреча генерального директора ТОО «KPI»
KPI ЖШС-де 2024 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2025 жылға арналған жоспарларды талқылауға арналған есептік кездесу өтті.



Кездесу барысында бас директор Дамир Ашимов өндірістік тиімділікті арттыру, еңбекті қорғау, негізгі жобаларды іске асыру, сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайындағы тұрақтылық туралы айтты.



Еңбек қауіпсіздігі мен экология саласында 2024 жылы өрт немесе ауыр өндірістік жарақат тіркелмегені атап өтілді. Апатқа қарсы 180 оқу-жаттығу және 27 өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау саласына цифрлық шешімдерді енгізу жалғасып жатыр.



Өндірістік жетістіктерге келсек, 2024 жылы 245 мың тонна полипропилен өндірілді, үш жаңа марка игерілді. PDH және PP қондырғыларында кепілдік сынақтар сәтті өтті. Ал 2025 жылы компания 39 күн бойы үздіксіз жұмыс істеп, алғашқы төрт айда 130 мың тонна өнім өндірді. Бұл – жылдық жоспардың 73,5%-ы.



Биыл компания тарихындағы ең жоғары өндіріс көлеміне қол жеткізілді. Бас директор қызметкерлерге кәсіби еңбегі үшін алғыс білдіріп, нақты инженерлік шешімдерге тоқталып өтті. Ол мамандарды аттестациялау үдерісіне жеке қатысатынын да атап өтті.



«Біз – өз күшімізді дәлелдеп келе жатқан командамыз. Қиындықтарға төтеп беруді үйреніп келеміз. Алға жылжып келеміз. KPI-дың болашағы біздің еңбегімізге тікелей байланысты», – деді Дамир Ашимов.





Кездесу соңында бас директор қызметкерлер тарапынан қойылған онлайн және офлайн сұрақтарға жауап берді. Бұл есептік кездесу ұжымға сенім сыйлап, компанияның күрделі жағдайларда да стратегиялық бағытын сақтап, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ете алатынын көрсетті.



Сондай-ақ кездесуде кәсіподақ жетекшісі Тұрлан Қуанбаев жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.