«Өзбекнефтегаз» АҚ мен «KMG Petrochem» ЖШС арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Өзбекстан делегациясы KPI кешенінде қонақ болды. Қонақтар үшін өндірістік нысандар бойынша экскурсия ұйымдастырылып, кешен басшылығымен және техникалық мамандармен кездесу өтті.
Делегация мүшелері полипропилен өндірудің технологиялық үдерісімен, автоматтандыру жүйесімен және кәсіпорында іске асырылып жатқан тұрақты даму тәсілдерімен жан-жақты танысты.
Өзбекстандық тарап жүйелі әріптестік орнатуға және серіктестік қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық білдірді.
«Біз сіздермен жаңа бағыттар бойынша да жұмыс істеуге дайынбыз. Жол картасының жүзеге аса бастағанына қуаныштымыз», — деп атап өтті делегация өкілдері.