Сафи Өтебаев атындағы университет базасында Қазақстанның көрнекті ғалымы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Сармұрзинаның 60 жылдығына
арналған салтанатты форум өтті.
Форумда Раушан Сармұрзинаның еліміздегі мұнай-газ-химия салаларын дамытуға қосқан орасан зор үлесі туралы баяндалды. Оның бастамасымен “ЕмбімұнайГаз”, “Қарашығанақ” және “ТШО” кен орындарының табиғи газ құрамы
жүйелі түрде зерттелді. Сондай-ақ, еліміздегі мұнай-газ-химия саласын дамыту бойынша стратегиялық құжаттар әзірленді. 2000-жылдардың басында ол халықаралық әріптестікті, соның ішінде Ұлыбританияның ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты дамытты.
KPI компаниясы атынан Раушан Сармұрзинаны бас инженер Досжанов Абзал құттықтап, газ-химия саласының қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.