Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің (ҚГІК) XVI отырысы аясында KPI ЖШС (Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.) бас директоры Дамир Ашимов мұнай-химия саласындағы жоғары технологиялық жобаларды дамыту және халықаралық әріптестікті кеңейту мақсатында бірқатар маңызды кездесу өткізді.
ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың және ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Урқымбаевтың қатысуымен өткен жиында KPI мен Германияның IMI Z&J компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың серіктестікті дамытуға ниетті екенін көрсетеді.
Сондай-ақ Flowserve компаниясымен екіжақты кездесу өтті. Кездесуге Flowserve компаниясының аймақтық сату менеджері Газизбек Туралиев пен Темірлан Урқымбаев қатысты. Кездесуде жергілікті жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндірісін перспективалары талқыланды.