«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI компаниясы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Ашық есік күні аясындағы көрмеге қатысты

19 Мамыр
2025
KPI на выставке в рамках Дня открытых дверей Атырауского университета нефти и газа имени С. Утебаева
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 19 мамыр күні С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде кәсіби бағдарға бағытталған Ашық есік күні өтті.



Бұл іс-шараға “KPI Inc.” компаниясы әріптес ұйым ретінде белсенді қатысып, өз саласын таныстырды. Біздің компания аталмыш университетпен тұрақты түрде серіктестік қарым-қатынас орнатып, техникалық және жұмысшы мамандықтарын насихаттау, сондай-ақ жас мамандарды даярлау бағытында бірлескен жұмыс жүргізіп келеді.



Іс-шара барысында KPI компаниясының мамандары оқушылар мен талапкерлерге полипропилен өндіру процесі, зауыттағы технологиялық жүйелер және өндірісте сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Біздің мақсатымыз – жастарға өндірістік саланың маңызын түсіндіріп, олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал ету.