«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI компаниясының цифрлық жобасы халықаралық форумда үздік деп танылды

29 Сәуір
2025
Цифровой проект KPI признан лучшим на международном форуме


«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) Мәскеуде өткен Directum Enterprise Forum 2025 халықаралық форумында «Қазақстандағы үздік жоба» және «Қоғам таңдауы» номинациялары бойынша екі бірдей марапатқа ие болды. IT қауымдастығының сарапшылары мен өкілдері KPI компаниясының сатылымдар мен өнім жеткізілімдері процесін толық цифрландыру жобасын жоғары бағалады.



KPI компаниясында корпоративтік ERP-жүйе ретінде әлемдегі жетекші әзірлеуші SAP шешімі қолданылған. Дәл осы жүйемен электронды құжат айналымы Directum RX платформасы интеграцияланды. Бұл жеткізу келісімдерімен жұмыс жасау циклін толық автоматтандырып, электронды форматқа көшіруге мүмкіндік берді.⚡️



Нәтижесінде:

➤ Келісімшартты дайындау уақыты 50 минуттан 10 минутқа дейін (80%) қысқарды

➤ Бүкіл процеске жұмсалатын уақыт 30%-ға азайды

➤ Жылдық бюджет үнемділігі 40%-ға жетті

➤ Қолмен енгізу кезіндегі қателер жойылып, процестердің ашықтығы мен басқарылуы артты, серіктестермен құжат алмасу жылдамдады.





Бұл жетістік — цифрлық трансформацияға бағытталған стратегиялық мақсат пен командалық жұмыстың нәтижесі. Инновациялық IT-шешімдерді енгізу бізге операциялық тиімділікті айтарлықтай арттыруға, шығынды азайтуға және нарықтағы бәсекелестік позицияларды нығайтуға мүмкіндік берді, — деді KPI IT қызметінің жетекшісі Тимур Қарымсақов.