«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

КРІ дуалды оқыту жүйесі арқылы жас маманды жұмысқа қабылдады

21 Сәуір
2025
 КРІ приняла на работу молодого специалиста по программе дуального обучения


КРІ (полипропилен өндіретін ірі кәсіпорын) жергілікті кадрларды даярлауға және қолдауға ерекше мән береді. Бұл бағыттағы табысты жобалардың бірі – дуалды оқыту. Бағдарлама аясында жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейіннен оларды тұрақты жұмысқа қабылдайды.



Жақында дуалды оқыту бағдарламаның жарқын мысалы ретінде Парасат Багитов есімді жас маман КРІ компаниясының бас энергетик қызметінің маманы атанды.



Ол – Атырау политехникалық жоғары колледжінің түлегі. Бүгінде Атырау Мұнай және Газ университетінің студенті.



Парасаттың өндірістік тәжірибесіне аға инженер Манарбек Шибанов жетекшілік етті.



Тәжірибе барысында ол электротехникалық жабдықтарды зерттеді, нақты өндірістік тапсырмаларды сапалы орындап шықты. Өзінің жауапкершілігі, ынтасы және кәсіби әлеуетінің арқасында Парасат компания ұжымының сеніміне ие болды.



KPI кадр даярлау ісінде Атырау мұнай және газ университетімен ұзақ мерзімді серіктес.

Бұл әріптестік студенттерге теориялық білімді өндірістік жағдайда іс жүзінде сынап көруге мүмкіндік береді.



Компания алдағы уақытта да дуалды оқыту жүйесін қолдап, елдің газ-химия саласындағы кадрлық әлеуетін нығайтуға белсенді үлес қоса бермек.