«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Petrodigital & Automation Forum

9 Сәуір
2025
Petrodigital & Automation Forum
“Petrodigital & Automation” форумы мұнай-газ саласының өкілдерін үшінші жыл қатарынан бір алаңда тоғыстырып келе жатқан маңызды іс-шара. Биылғы форумға операторлар, мұнай өңдеу зауыттары, мұнай-химия компаниялары, 100-ден астам IT-компания және сала сарапшылары қатысты.



«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы цифрландыру экожүйесін дамыту» атты сессияда «KPI» ЖШС атынан IT қызметінің жетекшісі Тимур Карымсаков сөз сөйледі.



Ол компанияда енгізілген цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибемен бөлісіп, негізгі жобаларға тоқталды.



Сондай-ақ, газ-химия саласындағы цифрландыруды дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен тың идеяларды ортаға салды.