«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге қолдау көрсетуде

18 Наурыз
2025
KPI оказывает поддержку развитию и снижению импортозависимости агропромышленного комплекса Казахстана
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) – еліміздегі полипропилен өндіретін
тұңғыш газ-химия кешені Қазақстанның түрлі өнеркәсіп саласына арналған полимер өнімдерін шығарушылармен ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

Импортты алмастыруға бағытталған «Форсаж» бағдарламасы аясында компания Тараз қаласындағы «Полиэтилен-Агро» ЖШС-мен арнайы коммерциялық шарттар негізінде полипропилен жеткізу туралы келісім жасалды.

«Полиэтилен-Агро» агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) үшін кең ауқымды полимер өнімдерін, соның ішінде полипропилен қаптар, жіптер (шпагат) және көкөніс торларын шығарады.

Бүгінде Қазақстанда агроөнеркәсіптікке арналған полимер өнімдерін шығаратын 20-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын KPI іске қосылғанға дейін
шикізатты Ресей, Қытай, Түрікменстан және басқа елдерден алып отырған.KPI-дың арқасында енді бұл қажеттілікті жергілікті шикізатпен өтемек.

KPI-мен келісім жасасу «Полиэтилен-Агро»-ға импорттық полипропиленді алмастыруға, шикізатты тұрақты жеткізілуіне және кәсіпорын экономикасын жақсартуға мүмкіндік береді.

—Біз полипропиленді шетелден сатып алуға мәжбүр болдық. Бұл артық шығын. Оған қоса, сыртқы жеткізілімдерге деген тәуелділік еді. Бүгінде KPI-мен ынтымақтастықтың арқасында біз жоғары сапалы отандық шикізатты арнайы бағамен алып отырмыз. Бұл өндірісті оңтайландырып, шығындарды азайтуға және кәсіпорынның табысын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біздің кәсіпорын мен бүкіл сала үшін маңызды қадам, — деп атап өтті «Полиэтилен-Агро» ЖШС директоры Бахтияр Серкеев.

KPI полипропиленнің 11 мақсатты маркасын шығарады. Оның бесеуі бұрын Қазақстанда өндірілмеген. Бүгінде KPI-дің Қазақстан нарығындағы үлесі 50%-дан асты. Қазақстанға полипропилен импортының үлесі 2022 жылғы 63%-дан 2025 жылдың наурызына қарай 17%-ға дейін төмендеді.