«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өкілдері тәжірибесімен алмасу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Астана қаласындағы орталық кеңсесінде болды

3 Наурыз
2025
 Представители ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» посетили центральный офис АО «КазТрансОйл»


«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өкілдері ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды дамыту аясында бизнес-процестерді құру және трансформациялау тәжірибесімен алмасу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Астана қаласындағы орталық кеңсесінде болды.





Бірнеше күннің ішінде екі компанияның мамандары бірқатар кездесулер өткізіп, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бизнес-процестерді цифрландыру, бағдарламалық шешімдер мен технологияларды пайдалану, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді интеграциялау тәжірибесін талқылады және өзара пікір алмасты.



Өткізген кездесулер қорытындысы бойынша «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өкілдері тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынғаны және ынтымақтастыққа ашықтығы үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-қа алғыс білдірді.